ЖаңалықтарСпорт

Қызылордада 21 млрд теңгеге салынған стадион УЕФА лицензиясын ала алмай отыр

Өткен жылы салтанатты түрде ашылған Қызылордадағы жаңа «Қайсар Арена» стадионы әлі күнге дейін УЕФА лицензиясын ала алмай отыр. Бұл туралы  Qandastar.kz порталы Instagram желісіндегі Аbdulla_kz_kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Лицензияның болмауы стадионның ресми халықаралық матчтарды қабылдай алмайтынын білдіреді. Айта кетейік, 11 мың көрерменге арналған бұл арена былтыр «Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы Қазақстан Кубогының финалында ашылған болатын.

Министрліктің мәліметінше, нысан құрылысына 20,9 млрд теңге жұмсалған. Алайда тамыз айында Қызылорда облысының әкімдігі бұл соманың 26,5 млрд теңгені құрайтынын хабарлаған еді.

«Қайсар Арена» стадионына УЕФА өкілдерінің инспекция жүргізуі биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған. Министрлік стадион кемінде III халықаралық санатты алады деп үміттеніп отыр.

Халықаралық санат тек стадионның сапасына ғана емес, қаланың инфрақұрылымына да байланысты беріледі. Оның ішінде мынадай міндетті шарттар бар:

-Тұрақты халықаралық рейстері бар әуежайдың болуы;
-Командалар мен ресми тұлғаларға арналған бірнеше бес жұлдызды қонақүй;
-Заманауи оқу-жаттығу базалары мен алаңдары.

Еске сала кетейік, «Қайсар Арена» – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері салынған үшінші стадион («Астана Арена» мен «Түркістан Аренадан» кейін). Еліміздегі осы үш жаңа аренаның барлығына да жасанды көгал төселген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button