Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі жазбаларымен көпшілікті толғандырып, аналық жауапкершілік пен өмірдің мәні туралы ой бөлісті, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі ана болудың салмағын қысқа да нұсқа жеткізген.
Жан дүнием қырық бөлікке бөлініп кетсе де, ертеңіне қайта тік тұруға міндеттімін. Себебі мен – анамын, – деп жазды ол.
Тағы бір жазбасында әнші сынақ жайын сөз етіп, өмірдің өткіншілігін еске салды.
Бұл дүние – сынақ пен сабақ, әр күн – бір мүмкіндік. Дүние өтеді, ал жүректегі із қалады, – деді әнші.
Жазба жарияланғаннан кейін оқырмандары Наркенже Серікбаеваға қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



