Жаңалықтар

Алматы қаласындағы мұз айдынында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлар Telegram-арналардың бірінде жарияланған, деп жазады qandastar.kz сайты Еgov.press telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жазбада төбелес мұз айдынында болғаны және жас жігіттердің бірін кастетпен ұрғаны туралы ақпарат айтылған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалған.

Полиция жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жас адамдар арасында тұрмыстық себеппен туындаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция өкілдері жанжалға қатысқан әрбір адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button