Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Давостағы кездесу: Тоқаев Трамппен не жайлы тілдесті?

Давос форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың арасында қысқаша әңгіме өрбіді.  Бұл туралы Qandastar.kz порталы  президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Президент Тоқаев  форумда жарияланған ресми құжатқа назар аударды.  «Дональд Трамптың 365 күндегі 365 жеңісі» атты материалда 177-ші жеңіс ретінде Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылғаны көрсетілген.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің ішкі саясаттағы жұмыстарына, «талданған шешімдер» қабылдауда сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Дональд Трамп Қазақстан Президентіне өзінің Бейбітшілік кеңесін құру бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button