БілімЖаңалықтар

«20 адамбыз, ештеңеден қорықпаймыз»: Көкшетаудағы мектептерде теракт болады деген хабар тарады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2026 жылғы 22 қаңтарда мектептерге шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат тарады. Алматы қаласынан кейін мұндай фейк хабарламалар Көкшетау тұрғындарының чаттарында да пайда болған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Instagram желісіндегі Zakon.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Таралған мәтінде белгісіз адамдар мектептерге теракт жасалатынын және балаларға “қатал жаза қолданатынын” жазған. Хабарламада №14, 18, 12, 21, 4, 11, 16, 17, 19 және 1 мектептер аталып, “Біз 20 адамбыз. Бізге қорқыныш жоқ” деген сөздер келтірілген.

Ақмола облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және фейк екенін мәлімдеді. Құқық қорғау органдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдап, жалған хабарламаны таратқан тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция өкілдері жағдайдың толық бақылауда екенін айтып, азаматтарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған хабарламаларды таратпауға шақырды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button