Жаңалықтар

Елімізде құрылыс саласындағы техникалық нормативтік талаптарды әзірлейтін институт құрылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде Ұлттық техникалық нормалау институты құрылатынын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, аталған институт құрылыс саласындағы техникалық нормативтік талаптарды ғылыми зерттеу, әзірлеу, өзектендіру және сүйемелдеу бойынша бірыңғай орталыққа айналады. Сонымен қатар, ол халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Институт аясында нақты бағыттар бойынша (құрылымдар, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбыр жүйелері, сумен жабдықтау және т.б.) нарықтан тартылған білікті мамандардың қатысуымен салалық техникалық комитеттер қалыптастырылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button