Белгілі коуч әрі психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекке жылы тиер жазба жариялап, көпшілікті ойға қалдырды, деп жазады qandastar.kz.
Желі жұлдызы жазбасында анасымен қарым-қатынасы, бала күнгі сезімдері мен аналық мейірім туралы сыр шертті
«Мені тоғыз ай, он күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп дүниеге әкелген анам — осы кісі. Аты — Манат. Қазақы менталитетке сай “шеше” деп айтпасам да, анамды әрдайым жүрегіммен жақсы көремін. Әлі күнге дейін атымен атаймын. Бірақ ішімде оған деген сағыныш пен мейірім бар», — деп жазды ол.
Сондай-ақ Айнұр Тұрсынбаева «Аяулы анам» әнінің дәл осы анасына арналғанын айтып өтті. Оның айтуынша, марқұм әжесі өмір бойы өзін қызғанып, ерекше жақсы көрген.
Коуч анасының бүгінде 68 жасқа толғанын айтып, оған ақ тілегін арнады.
«Алланың қалауымен анамыз бүгін 68 жасқа толды. Ол — 11 немеренің сүйікті әжесі. Алла деніне саулық, иман байлығын берсін. Иншаллах, бірге қажылыққа баратын күн де алыс емес», — деді ол.
Сонымен қатар, ол ата-анамен қарым-қатынас мәселесіне де тоқталып өтті.
«Егер әке-шешеңізбен араңыз салқын болса, олардың хабарласуы, өтініш айтуы, қолдау сұрауы жүйкеңізге тисе, оның шешімі — ретрит», -деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Желі қолданушылары бұл жазбаны жылы қабылдап, авторға алғыстарын білдірді.



