Жаңалықтар

Рудныйдағы кісі өлімі: Полиция іздеуде жүрген жасөспірімдерді ұстады

Қостанай облысында полиция департаменті екі жасөспірімнің кісі өліміне қатысты ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz сайты.

Бұған дейін 23 қаңтарда көпқабатты үйлердің бірінде 19 жастағы Рудный тұрғынының мәйіті табылған еді. Мәйітте пышақ жарақаттары болған.

Еске салайық, полиция шамамен 17 және 18 жастағы екі жасөспірімге іздеу жариялаған. Жасөспірімдер 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінген.

Желіде тараған видеодан екінші жас жігіттің бар «ақылды» домофонның алдында ұзақ уақыт тұрып, пәтерге қоңырау шалғанын көруге болады. Кейін дәл сол камераға күдіктілердің подъезден жүгіріп шығып бара жатқан сәті түсіп қалған. Ал біраз уақыт өткен соң үйдің алдында жедел жәрдем көлігі тұрғаны байқалады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Виктор Ионенко (@viktor.ionenko)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button