Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Еркінбек Абировтың видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Видеодан әкім қолына күрек ұстап, қарапайым жұмысшыларға көмектесіп атқанын көруге болады.
Бұл түнгі уақытта болған.
Әкім бұл әрекеті пиар еместігін айтып, жазба жариялады.
«Бұл — пиар емес, бұл — өз халқыңа қызмет ету.
Мен үшін кедергі жоқ, мен үшін бір ғана мақсат бар — халқыма адал қызмет етіп, қоғамға пайдалы болу.Атқарылып жатқан барлық жұмыстарды жеке өзім бақылап, мүмкіндігінше істі өз қолыммен атқаруды маңызды деп санаймын.
Барша ауыл тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа және ауылдық округтің игілігі үшін бірлесе еңбек етуге шақырамын.
Тек бірлікте, жауапкершілік пен өзара қолдау арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз», — деп жазды ол.



