Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева желіде видео жариялап, әйелдерге арналған ерекше кездесулер өткізу ниеті туралы айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әншінің айтуынша, оқырман қыз-келіншектер арасынан бір топ адамды таңдап, бір ай бойы консультациялар өткізіп, пайдалы тәліммен бөлісуге ниетті.
«Әдемі әйел жамағатын құрып, тәніміздің, табиғатымыздың сұлулығын ашатын әңгімелер, әдемі практикалармен жалғасатын кездесулер өткізу ойым бар», — дейді ол.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі қолдап жатса, сын жазып жатқандар да табылды.
«Не боларын білмей жүр ау шамасы өзі», «әркімнің өз ақылы өзіне», «ақша жасау керек» және «бағасы тек байларға болса бізге шанс жоқ ау» деп жазып жатыр олар.



