Жаңалықтар

ҰҚК «OrdaMed» фармкогологиялық компаниясының басшылығын ұстады: Мемлекеттік шығын 4,5 миллиард теңге (ВИДЕО)

Ұлттық қауіпсіз комитеті “OrdaMed” АҚ фармацевтикалық компания басшыларының ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz сайты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі фармацевтика саласындағы қылмыстық схемаларды ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

«OrdaMed” АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісінің бар екені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған. Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіз комитеті.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 4,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірілген.

Тінту шаралары кезінде “OrdaMed” АҚ басшылығынан құны 1 миллиард теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленіп, “Interdentica”, “Erkin Brand” және “OrdaMed” компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынды.

Сот санкциясымен «OrdaMed» АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button