Жаңалықтар

«Бір арлан туса, оны талауға он ит туады»: Қыдырәлі Болманов Сәпиевті жақтады

Әнші Қыдырәлі Болманов Олимпиада чемпионы, танымал боксшы Серік Сәпиевке қатысты өз пікірін білдірдіі, деп жазады qandastar.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Серік Сәпиевтің қазақ спорты тарихындағы айрықша орнын атап өтті.

Оның айтуынша, Тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген небәрі жеті боксшы ғана бар. Сегіз миллиард адамның арасынан суырылып шығып, чемпион атану – кез келген спортшыға бұйыра бермейтін үлкен жетістік.

Сондай-ақ Олимпиаданың ең үздік боксшысына табысталатын «Баркер кубогына» ие болған спортшылардың саны да өте аз. Ал Серік Сәпиев – сол мәртебелі марапатты жеңіп алған санаулы чемпиондардың бірі.

Қыдырәлі Болманов ел тарихында өз батырын өзі сынап-мінейтін кезең сирек кездесетінін айтып, Серік Сәпиев пен марқұм Бекзат Саттарханов сынды спортшыларды бір ғасырда бір келетін дара таланттарға теңеді.

Сонымен қатар әнші қоғамда еңбегі сіңген тұлғаларды қадірлеу қажет екенін жеткізіп, «бір арлан туса, оны талауға он ит туады» деген халық мәтелін мысалға келтірді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button