Жаңалықтар

Қазақстанда 28 қаңтар күні теледидар мен радио өшіріледі

2026 жылғы 28 қаңтар күні жүргізілетін профилактикалық шараларға байланысты Қазақстанда  теледидар мен радио жұмыс істемейді, деп жазады qandastar.kz сайты.

«Қазтелерадио» АҚ-ның хабарлауынша, жоспарлы техникалық жұмыстар сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізілетін болады.

Жұмыстарды жүргізу кезінде «Otau TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ деректерді жолдау және телефония қызметтерін ұсынуда уақытша үзілістер болуы мүмкін.

Back to top button