
Денсаулық сақтау министрі мектептерді дефибрилляторлармен қамтамасыз ету өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Министрлік мектептердегі медициналық пунктерді шұғыл жабдықтармен жабдықтауды және стоматологиялық кабинет ашуды бастайды.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, мектептердегі медициналық пункттердің жабдықталуы 93%-ға дейін өсті.
Сондай-ақ оқу орындарында жүректің кенеттен тоқтауы кезінде шұғыл көмек көрсету үшін арнайы жабдықтың болуы қажет.
«Дегенмен, мектептердің медицина қызметкерлері жазатайым оқиғалар кезінде ғана емес, шұғыл жағдайда да көмек көрсетуге дайын болуы тиіс.
Сондықтан, мектептерді дефибрилляторлармен қамтамасыз ету өте маңызды.
Осы орайда, әкімдерден жарақтандыруға тиісті қаржыландыру қарастыруын сұраймын», — деді Ақмарал Әлназарова.



