Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Нағыз азамат осылай тәрбиелейді»: атыраулық жаттықтырушының әрекеті желіде қолдау тапты

Нұрсұлтан Дарбаев есімді желі қолданушысының Құлсары қаласында түсірілген видеосы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Видеодан құлсарылық бокс жаттықтырушысының еден мен дәретхананы өзі жуып жатқанын көруге болады.

Видео авторы жас жігіттен «неге тазалаушы алмайсың?» деп сұрайды.

Алайда жаттықтырушының айтуынша, оған қаржы жоқ екен.

Желі қолданушылары жас жаттықтырушының бұл әрекетіне риза болып жатыр.

«Сіз әрі балдарға керемет үлгі көрсетіп жатырсыз», «мықты тренер ризамын», «сындай үлгі тұтатын тренерлер көп болсын» және «осындай тренерлерді қолдау керек» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button