Жаңалықтар

«Балалар фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді»: Бектенов Әлназароваға тапсырма берді

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру мәселесін көтерді, деп жазады qandastar.kz сайты Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың баяндамасынан кейін сөз алған Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі фастфудқа, энергетикалық сусындарға құмар екенін атап айтты. Тіпті, кей кезде оған тәуелді болып қалады.

Осы қауіпке бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныстар енгізіңіздер, – деді Олжас Бектенов.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі және әл-ауқаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар кешені көзделген.

Биылғы 1 ақпанынан бастап барлық білім беру ұйымдарына «тосыннан кіріп келу» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану сапасына қатысты болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button