Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

Асқарбек Ертаев Светлана Жақыпованың орнына келді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ақтөбенің тумасы Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған.

Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

Әр жылдары Президент әкімшілігі жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қызмет етті, Премьер-Министр кеңсесінің және Үкімет аппаратының экономикалық бөлімін басқарды, сондай-ақ Көші-қон комитетін басқарды.

2024 жылдан бастап Еңбек вице-министрі, ал 2025 жылдың маусымынан бастап бірінші вице-министр қызметін атқарды.

Back to top button