Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Өзі ұстаған қарудан жарақат алған»: Жамбыл облысында сарбаз қайтыс болды

Жамбыл облысында қаруды ұстап жүргенде жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — делінген мәлімдемеде.

Жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы – Бас прокурордың жеке бақылауында.

Оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шықты.

Сондай-ақ оларға еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды.

«Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралатын болады», — дейді Бас прокуратура.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button