ДенсаулықЖаңалықтар

Ақмоладағы әскери колледжде қызылша тарады

Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде қызылша ауруы тарады, деп хабарлайды Qandastar.kz порталы Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты колледжде карантин енгізілді.

Оқу орны әкімшілігінің мәліметінше, каникулдан оралған бірнеше кадеттен жұқпалы аурудың белгілері анықталған.

Олар инфекцияны сырттан әкелген деп болжанып отыр.

«Бүгінгі таңда 66 бейінді медициналық ұйымның бақылауында. Екі жағдайда ауру асқынумен өтуде, науқастар мамандандырылған медициналық көмек алуда, олардың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Колледжде байланыста болған тұлғалар анықталып, оқшауланды. Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетілуде, олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланды. Сондай-ақ колледжде санитарлық шаралар күшейтілді, сондай-ақ инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу үшін жеке құрамның денсаулығы күнделікті бақылауға алынған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button