ЖаңалықтарМәдениет

Белгілі әртіс гонорарының қанша екенін айтты

Танымал әртіс әрі ақын Рамазан Амантай «Байсеміз LIVE» подкастына берген сұхбатында бір фильмге түсу үшін алатын гонорарының мөлшерін айтты. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әртіс қазіргі гонорарына «ешкімнің ақшасы жетпейтінін» әзілмен жеткізді.

«Мен гонорар ретінде жобаның жалпы табысынан пайыз аламын немесе кемінде 30 миллион теңгеден жоғары сұраймын. Бұл соманы киноға түсуге ешкім шақырмасын деп қойдым. Шақырғандар болды, бірақ өз жобаларыммен сәйкес келіп, бас тартуыма тура келді. Ал “ЗаманBack” фильміне түскенім үшін 35 миллион теңге алдым», – деді Рамазан Амантай.

Актердің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button