Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, елді алаңдатып қойды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әншінің айтуынша, белгісіз адамдар әпкесіне хабарлама жіберген.
«Бұл қай қазақ мені қорқытып жатқан, Астанадағы әпкеме хабарлапты, ешқашан қарыз болмаған адаммын», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп жатыр.
«Алаяқтар олар солай жазады деген жаңалықтарда айтқан», «мағанда хабарласып светке төлеңіз бүгін соткаға жауап бермесеңіз ертең светті қиып тастаймыз деп вассапқа жазыпты», «алаяқтық деп білемін» және «сауатсыз екен» деп жазып жатыр олар.



