Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Депутат Түркістан мен Жамбыл облыстарындағы проблеманы атады

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанның оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл және Түркістан облыстары елге масыл боп отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы депуат мәжіліс кулуарында журналистерге берген жауабында айтты. Депутаттың айтуынша, елде бірнеше ғана донор өңір бар.

“Бұл баршаға анық, оңтүстік өңірлер – Жамбыл және Түркістан облыстары ел есебінен өмір сүріп отыр. Негізінде, бүкіл оңтүстік масыл күйде. Біздегі донор өңірлер Атырау облысы мен Алматы қаласы ғана. Үш-төрт өңір бар. Қалғандары – масыл. Ал халықтың тығыздығы шешуші рөл атқармайды. Бұған Павлодар облысы мен Атырау айқын мысал”, – деп мәлімдеді Құспан.

Депутаттың айтуынша, іске асырылып жатқан жобалардың арқасында Павлодар облысының дотацияға тәуелді өңірлер қатарынан шығуға әлеуеті бар.

“Павлодар облысының донор өңірге айналуға үлкен мүмкіндігі бар. Жасалып жобалар нәтижесін беріп келеді”, – дейді депутат.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button