Алматы облысы Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Оқиға 28 қаңтар күні сағат 17.27-де 1 шағынауданында 3-үйдегі пәтердің бірінде болған.
Газ-ауа қоспасының жарылысы өртке ұласпады.
Жарылыс болған пәтер табиғи газ жүйесіне қосылмағаны анықталды. Басқа пәтерлер қосылған.
Ауруханаға түскен 2 азаматтың жағдайы қалыпты, орташа жағдайда, дәрігерлердің бақылауында.
Зардап шеккендерге заң аясында қажетті көмек көрсетіледі, дейді әкімдік.
Тұрғындар пәтерлеріне қайта кіргізілді.
Оқиға орнында әкімдік, газ қызметкерлері, ТЖБ және полиция мамандары жұмыс істеді.



