ЖаңалықтарМәдениет

«Перекресток» телехикаясының әктері өмірден өтті

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер Анатолий Креженчуков дүниеден өтті, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Анатолий Креженчуковтың шығармашылық жолы 1973 жылы басталған. Құрманғазы атындағы Өнер институтының актерлік факультетін тамамдағаннан кейін ол Лермонтов атындағы театрға қабылданып, қырық жылдан астам уақыт бойы театр сахнасында өнер көрсетті.

Осы жылдар ішінде Анатолий Николаевич жүзден астам рөлді сомдады. Сондай-ақ, көпшілік көрерменге «Перекресток» телехикаясындағы рөлі арқылы да кеңінен танылды.

Ол орыс театр өнерінің дамуына және классикалық мектеп дәстүрлерінің сақталуына зор үлес қосты. Оның принципшілдігі мен талапшылдығы әріптестері үшін, әсіресе жас актерлер үшін үлгі болды. Анатолий Николаевичтің жарқын бейнесі туған-туыстарының, әріптестерінің және көрермендердің жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына және осы қайғыны бірге бөлісіп отырған барша жандарға шынайы көңіл айтамыз, – делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button