Танымал актер, ақын әрі продюсер Рамазан Амантай журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жан дүниесін ақтарып, ішкі сырын бөлісті, деп жазады qandastar.kz.
Ол әкесі жайлы сөз қозғағанда көзіне жас алып, толқынысын жасыра алмады.
«Әкеме бір кездері өкпем болғаны рас. Бірақ ол күндер артта қалды. Қазір ешқандай реніш жоқ. Бұл — менің балалық шағымнан қалған сезімдер еді. Қанша жерден ел алдында танымал болып жүрсем де, әкемдей бола алмаймын. Кейде оны орынсыз кінәлап, ауыр сөз айтып қойған сәттерім де болды. Адам өз ата-анасына ренжи ме? Қазіргі «ата-ананы кешіру» деген түрлі практикаларға қарсымын. Байлық пен мансап емес, адам болып қалу маңызды. Қазір олардың көз алдымда әлсіреп бара жатқанын көргенде, жүрегім ауырады», — деді актер.



