Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (КНБ СПҚ) «OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовты іздеуге жариялады, деп жазады qandastar.kz.
Ақпарат 2026 жылғы 29 қаңтарда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.
Мәліметке сәйкес, 28 қаңтарда қозғалған іздестіру ісі «Астана» өңірінде тіркелген.
Порталдағы дерекке сүйенсек, «іздеуде – 1 күн. Бастамашы – ҚР ҰҚК. Іздестіруді жүргізетін орган – ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі» деп көрсетілген.

