Жаңалықтар

Түркістан облысында 3 полицей 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш полиция қызметкері зорлық жасады деген ақпарат тарады, деп жазады qandastar.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Ішкі істер министрлігі Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді.

Бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл іске ықтимал қатысы туралы ақпарат толық тексерілуде және сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оған құқықтық баға берілетін болады, – деді ол.

Сонымен қатар, күдікке ілінген қызметкерлер жұмыстан босатылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button