Жаңалықтар

«Ортақ 7 баласы бар»: Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Маңғыстау облысы Қызылсай ауылында ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп жазады qandastar.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы хабарды қазақстандық азамат Threads әлеуметтік желісінде жазды.

Оқиға Қызылсай ауылында 29 қаңтар күні кешкі уақытта болған. 43 жастағы ер адам әйелін суық қарумен жарақаттаған. Ерлі-зайыптының ортақ 7 баласы бар. Мұндай қылмыстар жасырын қалмауы және ақталмауы тиіс, – деп жазды ол.

Фото: Threads әлеуметтік желісінен

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білген.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

2026 жылғы 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туған. Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button