Шығыс Қазақстан облысында бірден екі шенеунік ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды.
Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды.
Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген.
Сондай-ақ осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған.
Сот санкциясымен олар қамауға алынды.



