Жаңалықтар

Қосшыда 10 жастағы оқушы сабақ барысында көз жұмды

Қосшы қаласында хореография сабағында 10 жастағы қыз бала көз жұмды. Бұл туралы qandastar.kz порталы qazaqparat_kz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы оқиға Ақмола облысы Қосшы қаласының қоғамдық мәдени-спорт кешенінде өткен хореография сабағы кезінде болған.

Сабақ үстінде баланың кенеттен жағдайы нашарлаған. Жанындағылар бірден жедел жәрдем шақырғанымен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 29 қаңтар күні сағат 16:18-де Қосшы қаласынан №152 жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен. Шақыртудың себебі – баланың басы ауырып, жүрегі айныған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button