Жаңалықтар

ҰҚК QazaqGaz Aimaq филиалы директорының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ҰҚК Жетісу облысындағы QazaqGaz Aimaq АҚ өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалиға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін желіде Жетісу облысында QazaqGaz Aimaq АҚ өңірлік филиалының басшысы Айбек Ерғалидің ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

Ақпарат агенттігіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалидің ұсталғанын растады.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Айбек Ерғали жақында газ бағасын қалыптастыру мәселелері мен төлем есептеу тәртібін түсіндіру мақсатында брифинг өткізген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button