Жаңалықтар

YouTube тек жасанды интеллектің көмегімен контент тарататын арналарды бұғаттауды бастады

YouTube видеохостингінің бас директоры Нил Моханның жасанды интеллект көмегімен жасалған әрі сапасы төмен контент тарататын арналарды сынға алғанынан кейін хостинг мұндай арналармен күресті қолға алды, деп жазады qandastar.kz сайты. 

The Verge басылымының хабарлауынша, қазірдің өзінде 5,9 миллион жазылушысы бар CuentosFacianantes және 5,8 миллион жазылушысы бар Imperio de Jesus арналарының көзі жойылған.

Бұдан бөлек, әрбіріне 2 миллионнан астам адам жазылған тағы 16 YouTube арнаның кезекте тұрғаны белгілі болды. Олардың қатарында Hеroes de Fantasia, Adhamali-0, Roupa25, Super Cat League және басқалар бар.

Еске салсақ, хостинг басшысы Нил Мохан 2026 жылғы қызметінде жасанды интеллект көмегімен сапасыз контент әзірлеп тарататын арналармен күреске басымдық беретінін айтқан болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button