Ақтөбе қаласының сотында екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген айыппен мұғалімге қылмыстық істі қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Сотта анықталғандай, мектеп мұғалімі ҰБТ-дан өткізіп беремін деп жәбірленушілермен сөйлесу барысында 1 балл 7 000 теңге болатынын жеткізген.
Осылайша 80 балл жинау үшін әрқайсысы 560 000 тенгеден ұсынған.
Нәтижесінде ол өзінің қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетімен жәбірленушінің әрқайсысына 560 000 теңге материалдық шығын келтірген.
Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындады.
Сот оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.


