The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Ақ үй Кубадағы билікті ауыстыру бағытында мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Вашингтон бұл үдерісті мүмкіндігінше биыл жүзеге асыруды көздейді, деп жазды Qandastar.kz.
Осы мақсатта АҚШ билігі Куба басшылығынан Вашингтонмен келісімге келуге және шамамен 70 жылға жуық уақыттан бері жалғасып келе жатқан режимді тоқтатуға дайын тұлғаларды іздеуді жоспарлап отыр. Алайда, WSJ дерегінше, нақты әрекет жоспары әзірге жоқ.
Сонымен қатар, америкалық жоғары лауазымды шенеуніктер Венесуэла басшысы Николас Мадуроны ұстау әрекеттерін ықтимал үлгі ретінде қарастырып отыр.
АҚШ президенті Дональд Трамп Кубаға мұнай сататын немесе жеткізетін елдерге қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізумен де қорқытып отыр. Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұл шаралар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатын «кубалық режимнің зиянды әрекеттері мен стратегияларынан» қорғауға бағытталған.



