Жаңалықтар

Қазақстанда енді балықты үйде отырып аулауға болады

Қазақстандық IT-мамандар балықты қашықтан аулауға арналған GoFish сервисін іске қосты. Жаңа жоба арқылы қолданушылар онлайн режимде қармақты басқару мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Qandastar.kz порталы 98mag.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Арнайы қосымша арқылы пайдаланушы қармақты таңдап, бірнеше камерадан жүргізілетін тікелей эфирге қосылады. Роботтандырылған жүйе тәулік бойы бейнетрансляция жүргізіп, қолданушы балық аулау процесін қашықтан басқара алады. Ал оқиға орнында ассистент жұмыс істеп, жабдықтың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды және қармаққа түскен балықты алып тастайды.

Қазіргі таңда жоба тестілік режимде іске қосылған және Қазақстандағы бір ғана локацияны ұсынады. Алайда әзірлеушілер Мексика, Италия және Норвегияда жаңа станциялар ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Команда өкілдерінің айтуынша, алдағы айларда:

  • қармақты алдын ала брондау,
  • ең жақсы шортан түсетін уақытты таңдау,
  • әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылармен онлайн жарыстарға қатысу мүмкіндіктері іске қосылады.

Болашақта әзірлеушілер кеңейтілген функциялары бар толыққанды мобильді қосымша шығаруды, сондай-ақ ауланған балықты пайдаланушының үйіне жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта барлық балық қайтадан суға жіберіледі.

Жобаны дамыту және инвестиция тарту мақсатында команда Kickstarter платформасында краудфандинг науқанын бастағалы отыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button