Нұрайдың отбасының адвокаты Аянхан Омаров істі Шымкент қаласы Полиция департаментінен алуды талап етіп, шағым жасалғанын хабарлады, деп жазады qandastar.kz порталы.
Адвокаттың жазуынша, марқұмның туыстары істің Шымкент қалалық прокуратурасында тергелуіне қарсылық білдіріп отыр.
«Нұрайдың ісін Шымкент қаласы Полиция департаментінен алып, оны тергеуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне беру туралы Президент Әкімшілігіне, Ішкі істер министріне және Бас прокурорға шағым келтірдік.
Қылмыстық іс сол кезде ғана объективті, жан-жақты және әділ тергеледі деп есептейміз», — деп жазды ол.
Айта кетері, Шымкенте 21 жастағы Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қайтыс болды. 28 жастағы күдікті қыздың танысы қамауға алынды.




