Актриса Айжұлдыз Айдарбекова заманауи әндерді сынап, видео түсірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Видеода ол музыканың сүйемелдеуімен 35-ке дейін санап шығады.
«Ән шығарайық па?», — деп жазып та қойған.
Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне риза болып, қолдау білдіріп жатыр.
Айтуларынша, заманауи әндердің көбісі мағынасыз болып барады.
«Санап үйретуге өте керемет ән», «мен қалдым ба ән шығармаған», «ирония деп кабылдадым» және «мына әнің өзі біраз әндердің қасында әдемі шыққан ғой» деп жазып жатыр олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



