Танымал әнші Сәкен Майғазиев сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әнші жақында немерелі болатынын айтып, гендер патиден үзінді жариялады.
«Маған ұл болса да, қыз болса да иманды, білімді, саналы, өнерлі және ең бастысы дені сау болсын деп тілеймін. Алла жар болсын! Сіздерге де жұғысты болсын!» — деді ол.
Жынысы жасырылған тортты Сәкен Майғазиевтің өзі кесіп, қуанышты хабарды өзі жария етті.
Өнер иесінің әулетінде жақында қыз бала дүниеге келетіні белгілі болды.
Бұл жаңалықпен келіндері Әдия да бөлісті.
«Күшті видео түсірдік, бірақ оны кейін саламыз. Әзірге осы жаңалықпен бөліскім келді тезірек», — деп жазды ол.



