Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев президент кеңесшісі болды

Әсет Ерғалиев Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды», — делінген мәлімдемеде.

  • Әсет Арманұлы 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2013 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма Төрағасы қызметтерін атқарды.

Әр жылдары «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болды.

2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды.

2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Ұлттық экономика министрі болды.

2025 жылғы 28 ақпаннан бастап – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Back to top button