Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Екінші АЭС Алматы облысында салынады: Бектенов құжатқа қол қойды

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысында екінші атом электр стансасын салу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», — делінген құжатта.

Қаулы оған қол қойылған күні күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың маусымында «Росатом» Қазақстандағы бірінші АЭС құрылысы бойынша халықаралық консорциумға жетекшілік ететіні хабарланған болатын.

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының мән-жайын айтқан болатын.

Сондай-ақ Қазақстандағы АЭС-ті аяқтаудың болжамды мерзімі 2035-2036 жылдар деп жарияланды.

Өткен жылдың қараша айында Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясының атауын беру конкурсы ресми түрде аяқталды – ол «Балқаш» деп аталды.

Ал 2025 жылдың жазында Атом энергиясы агенттігі қытайлық компания Қазақстанда тағы бір атом электр станциясын салатын консорциумның көшбасшысы болатынын хабарлады.

Артынша Алматы облысында екі атом электр стансасын салу жоспарланғаны белгілі болды – оның себебін Атом энергиясы агенттігінің басшысы түсіндірді.

Ал былтырғы жылдың соңында Үлкен ауылында Қазақстанда екінші атом электр стансасын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтіп, тұрғындар рұқсатын берген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button