Өзінен 15 жас кіші қызбен көңіл жарастырған танымал әнші, «Меломен» тобының экс-мүшесі Жігер Ауыпбаев өзін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жан сырымен бөлісті.
«Адамның көзі тірі кезінде сөзден аманы жоқ, өлгеннің жаманы жоқ…!
Біреуі «педофил…» дейді,
Біреуі «теңің емес…» дейді,
Біреуі «папасы сияқты…» дейді,
Біреуі қарғайды…
Біреуі көреалмаушылықтан арам ниетпен,ардан безіп, Құдайдың қаһарынан аттап өтіп сырттан сиқыр жасайды…», — деп жазды әнші.
Айтуынша, мұндай әңгімелерге көңіл аудармайды.
«Бұлардың барлығы Алланың жүрекке салған махаббатымен бір-бірімізді жолықтырғанымыздың қасында түкке тұрғысыз әңгімелер.
Хейт жаза беріңіздер…
Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер…
Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырамын десеңіздер де өздеріңіз білесіздер.
Ал мен Алланың қалауымен ары қарай жылжи беремін», — деп жазды ол.



