Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазыбек Иса: «Тілге қатысты кез келген шешім сыртқы күштерге манипуляция жасауға аргумент болмақ»

Мәжіліс отырысында депутат Қазыбек Иса тіл мәселесін қозғады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, парламентте қазақ тілі үшін өзінен артық күрескен ешкім жоқ.

Қазір парламент 90 пайыз қазақша сөйлейді. Өзге этнос өкілдері де мемлекеттік тілде сөйлеп отыр.

«Менің Парламентте Мемлекеттік тіл заңнамасын жетілдіруді бірнеше рет ұсынғанымды жақсы білесіздер. Бұл маңызды мәселе — Мемлекеттік тіл заңнамасын жетілдіру қажет екенін тағы да қайталап айтамын.

Қазіргі геосаяси ахуалдың күрделігі сондай: тіл мәселесі қауіпсіздік факторына айналды. Бүгінгі әлемде ол ішкі саясаттан шығып, геосаяси құрал мен ықпал болып тұр. Сондықтан, өкінішке орай тілге қатысты кез келген қатаң шешім сыртқы күштерге ақпараттық және саяси манипуляция жасауға дайын аргумент болмақ. Тіл мәселесінің байыптылығы тұрақтылықты сақтайтын механизм қызметін атқаруда.Тәуелсіздікті алу қандай қиын болса, Тәуелсіздікті сақтап қалу да сондай қиын дейді данышпандар. Сондықтан бұл мәселеге біз байсалды байыппен, салмақты сабырмен қарауымыз керек», — дейді депутат.

Сондай-ақ жаңа Конституцияның жобасын толық қолдайтынын да атап өтті.

«Яғни, қазіргі қолданыстағы кеңестік дәуірдің иісі кетпеген конституциямыз 1991 жылдан басталса, жат тілде емес, жатық тілде қазақы жазылған жаңа Ата заң Ұлы Дала елінің мыңжылдық тарихынан тамыр тартып тұр.

Қасиетті Тәуелсіздікті қорғау ұғымы мызғымас тасқа қашалғандай таңбаланған», — дейді ол.

Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарының басты орынға шығуы.

Бүгінгі мәжіліс отырысында конституциялық реформа мәселесі көтерілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button