
Танымал өнерлі жұп Жанболат пен Жазира ұлдарының таңдаған жарын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Ал,сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету — бір бөлек әсер. Жандос Қаржаубайдың әніне, Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған «Бауырсағы балдай қыз» әні «Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген бейнебаянымен көрерменге жол тартты.Жаңа туындыны тамашалап, жақсы көңіл-күймен қабыл алыңыздар», — деп жазды әнші.
«Келініңіз Дара қызға ұқсайды екен», «Келініңіз өзіңізден аумайды екен еліктің лағындай. Алла мағанда осындай бауырсағы балдай келін нәсіп еткей», «Ақ жүрегім, келін өзіңе ұқсайды екен, құтты келін болсын», «Табиғи сұлу екен келініңіз өзіңіз секілді», — деп жазды оқырмандар.



