Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Қозғалу қиын болды»: Өскеменде қоқысқа толы пәтерден өрт шықты (ВИДЕО)

Өскемен қаласында қоқысқа лық толы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Төтенше жағдай Әуезов даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында тіркелді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі бөлмелі пәтердің іші қоқысқа толып, қозғалу мүмкін болмаған. Осыған байланысты өрт сөндірушілердің от ошағына жетуі айтарлықтай қиынға соққан. Құтқарушылар жалынды өшіруге кіріспес бұрын, жолды бөгеп тұрған тұрмыстық қалдықтарды тазалауға мәжбүр болған.

Өрт кезінде пәтер ішінен бір газ баллоны шығарылды. Мамандардың айтуынша, баллонның дер кезінде сыртқа шығарылуы ықтимал жарылыстың алдын алған.

Қазіргі таңда өрт оқшауланған. Алайда толық өшіру және қауіпсіздік шаралары әлі де жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button