Қазақстандық танымал әзілкеш Жүсіп Ақшораның велосипед мінген видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Шымкенттік желі қолданушысы видеоны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қазақстандықтар танымал әзілкештің қарапайымдылығына риза болып жатыр.
«Жағдайы жақсы жағдай жоқтықтан емес, қарапайымдылықтан велосипед айдап жүр ғой ағам», «Жүсіп аға аман болыңыз», «Өте қарапайым жан,аман болсын Жүсіп Ақшора ағамыз» және «Жапонияда халық жаппай велосипедпен жүреді денсаулыққа өте пайдалы ең ұзақ жасайтын Жапония халқы екен» деп жазып жатыр олар.



