Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Павлодарда тәртіп сақшыларын тістеп алған ер адам 3 жылға сотталды

Павлодарда екі полиция қызметкерін тістеп алған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үй қамауына алу шарасы алдын ала қамауға алумен ауыстырылады. Ол сот залында қамауда ұсталады», — делінген сот мәлімдемесінде.

Оқиға өткен жылдың шілдесінде болған.

Үш баланың 39 жастағы әкесі мас күйінде караоке-бардың сыртында әкімшілік аумағын патрульдеп жүрген полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан.

Күзетші тәріп сақшыларына шағымданып, полиция қызметкерлерінен қашып кету үшін барға жүгіріп кірген ер адамды сыртқа шығаруға көмектесуді сұраған.

Олардың заңды талаптарын орындағысы келмеген ер адам бір полиция қызметкерінің санынан, екіншісінің басынан тістеп алған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button