Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

«Қазақ деп көрсеткен»: Ауғанстан азаматы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алып келген

Павлодар облысында қандастарды көшіруге арналған мемлекеттік бағдарлама аясында заңсыз алынған мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Қадағалау органы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тәркілеу рәсімін бастаған.

Тергеу барысында Ауғанстан азаматы өзін қазақ ұлтының өкілі ретінде көрсетіп, көрінеу жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынғаны анықталған. Осы әрекет арқылы ол әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған.

Алынған қаражатқа күдікті құны шамамен 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алған.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың алдын алу мақсатында прокуратураның өтінішімен сот аталған тұрғын үйді мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық қудалау органы тарапынан жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button