Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шымкенттің полиция департаментіне жаңа басшы келді

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментін экс-басшысы Мұхтар Қожаев Шымкент қалалық полиция департаментін басқаратын болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов оны 5 ақпан күні көшпелі кеңесте ұжымға таныстырды.

Министр генерал-майор Қожаевтың тергеушіден орталық аппаратта департамент бастығына дейін көтеріліп, басқарушылық және тергеу тәжірибесі мол екенін атап өтті.

Сондай-ақ департаменттің жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтіп, мегаполистегі қылмыстық жағдайға қатты алаңдаушылық білдірді.

Мұхтар Жұмабайұлы Қожаев 1977 жылы туған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақтауда тергеуші болып бастаған.

Әр жылдары Ақтау қалалық Ішкі істер департаментінде анықтау және тергеу бастығы, Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінде аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларының бастығы және Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2018 жылдан 2023 жылға дейін Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Бұған дейін Ұлттық құрылтай кезінде Президент Ішкі істер министрлігіне Шымкенттегі соңғы оқиғаларға қатысты тапсырмалар берген болатын.

Ішкі тергеуден кейін полиция департаментінің бастығы және оның бірнеше орынбасарлары құқық қорғау органдарының тиісті деңгейде жұмыс істемегені үшін қызметтерінен босатылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button