Мемлекеттік сапар барысында президент Пәкістанның The News International газетіне сұхбат берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Журналист президенттен «Дональд Трамптың ішкі саясатына қандай баға бересіз?» деп сұрады.
«Президент Трамп – өте тегеурінді әрі көреген көшбасшы. Ол елінің ұлттық мүддесін әрдайым бірінші орынға қояды. Мұны АҚШ экономикасының жоғары көрсеткіштерінен, сондай-ақ қазіргі кезде ел ішінде жүріп жатқан ауқымды реформалардан, әсіресе, әлеуметтік саладағы оң өзгерістерден аңғаруға болады», — деп атап өтті президент.
Президенттің айтуынша, АҚШ басшысының ақыл-парасатқа құрылған саясатын және заң үстемдігін орнатуға бағытталған әрекетін қолдайды.
«Қазақстанда да осыған ұқсас бағдарды басшылыққа алып, қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруды мақсат етіп қойдық. Сонда ғана еліміз осынау алмағайып заманда іргесі мықты мемлекетке айналады.
Менің ойымша, азаматтар заңды және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз сақтап, оларды құрметтеуге тиіс», — деп атап өтті ол.



