Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу себебін айтты

Қазақстан президенті Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Ибраһим келісімдері жайлы өз ойын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Қазақстан бейбітшілік, тұрақтылық және халықаралық диалог қағидаттарын әрқашан берік ұстанады. Бұл ұстанымнан алдағы уақытта да айнымаймыз.

Президент Дональд Трамптың идеясымен жүзеге асқан Ибраһим келісімдері, шын мәнінде, болашаққа бағдарланған бастама.

Осы келісімге қосылу арқылы біз дипломатияның күшіне сенетінімізді тағы да растадық. Өйткені бұл кез келген қарама-қайшылықты реттеп, өңірде және жаһанда ұзақ мерзімді тұрақтылық орнатуға болатын парасатты құрал», — деп атап өтті ол.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасы жақсы. Сонымен қатар Қазақстан Палестина халқын да қолдайды.

«Екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген шешімді дәйекті түрде құптаймыз.

Ұлттық мүдде тұрғысынан қарасақ, Ибраһим келісімдеріне қосылу елімізге инвестиция мен озық технологияларды тартуға, басқа да қомақты экономикалық игіліктерге кенелуге берік негіз қалайды.

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы араб пен еврей халықтарын қазіргіден де жақындастырып, анағұрлым кең мұсылман-яһуди диалогына ұласуға септігін тигізеді деп үміттенемін», — деп атап өтті президент.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button